427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Б.Байбек Nur Otan партиясының мүшелерімен кездесті

  • 91
  • UPD: 15:44, 28.09.2020
Б.Байбек Nur Otan партиясының мүшелерімен кездесті

Алматы қаласы бойынша 233 адам праймериз қатысушысы ретінде тіркелді.

Бүгін «Нұр Отан» партиясының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Алматыда партия мүшелерімен кездесіп, партияішілік іріктеу іс-шарасының маңыздылығын талқылады. Алматыда саяси додаға қатысуға әйелдер мен 35 жасқа дейінгі жастар белсенді. Ал салалар бойынша бизнес, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері белсенді қатысуда. Сонымен қатар праймериз қатысушылары арасында ерекше қажеттіліктері бар адамдар, көп балалы аналар және қандастар да бар. Партия төрағасының орынбасары, саяси жүйедегі өзгеріс – жергілікті мәселелерге назар аударуға мүмкіндік береді, деді. 

Айта кетейік, праймериздің дауыс беру кезеңі 1-3 қазан күндері өтеді.

Бауыржан Байбек, Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

- Саяси жүйені өзгерткен кезде партиялар халықпен тығыз етене жұмыс істейтін болады. Неге десеңіз, бұрын осындай қажеттілік болмаған. Неге десеңіз сайлауды өткізу ол үлкен қаражатты талап етеді. Ал депутаттар жеке мандатпен өткен соң партияның қажеттіліктері жергілікті жерде болған жоқ. Ал енді басқа партиялар да өзінің осы бағдарламасын сайлауалды ұсынып, халықпен жұмыс істеп, сол арқылы халықтың пікірін біліп, оны билікке жеткізу керек.

Хабар 24 телеарнасы