432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы ең көне тарихи орындардың бірі «Шымкент ескі қалашығына» барды

  • 110
  • UPD: 18:03, 29.09.2020

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Шымкент қаласындағы «Казмедприбор» серіктестігінің қызметімен танысты.

Компания өкпені жасанды желдету аппараттарын шығарады. Аппараттардың турбиналық, неональді және портативті түрлері осы жерде жасалады. Бұдан бөлек медициналық жиһаз, автокөлік, дезинфекциялық заттар өндірісімен айналысады. Кәсіпорынды аралау кезінде Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Нұрсұлтан Назарбаевқа көп бейінді университет ауруханасының құрылысы жайында баяндады. Мың орындық медициналық мекеме жеке инвестордың қаражатына салынып жатыр. Ал «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында медициналық орталықтарын салу жөніндегі тапсырманың орындалу барысы жайлы айтып берді. Елбасы аралап көрген кәсіпорынның жылына 50 мың дана медициналық құрал-жабдық, 150 мың медициналық жиһаз бен 1000 автокөлік шығаратындай мүмкіндігі бар. Ал компания өнімдерінің халықаралық талаптарға сәйкес болуы - ТМД мен Еуропалық Одақ елдеріне сатуға мүмкіндік береді. Дегенмен, әуелгі мақсат ішкі нарықты қамтамасыз ету, артылғаны экспортталады.

Сапар барысында Елбасы Қазақстандағы ең көне тарихи орындарының бірі «Шымкент ескі қалашығында» болды. Ескерткіш Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы тапсырмасына сәйкес «Ескі қалада» ғылыми-реставрациялық, археологиялық зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.  

Диляра Сейітнұрова, жобаны үйлестіруші:

- Шымкент цитаделінде біз Шымкентке 2200 жыл деп дәлелденген нұсқаны ЮНЕСКО-ға ұсынып, ол нұсқаны қабылдады. 2200 жылдығын осыған байланысты тойлап отырмыз. Мысалы, әрбір қалада осындай нысан, жоба бар деген әрбір қала мақтан тұта бермейді. Біздің жобамыз өте ерекше, Қазақстан бойынша және Орталық Азия бойынша біздің зерттеуімізге үлкен жол ашып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы