432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық көмек жөнелтті

  • 111
  • UPD: 20:42, 29.09.2020
Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық көмек жөнелтті

Қазақстан тарапы Ауғанстанның су тасқынынан зардап шеккен провинцияларына гуманитарлық көмек жіберді.

ҚР Сыртқы істер министрлігі мәліметінше, Қазақстанның Ауғанстандағы Елшісі Әлімхан Есенгелдиев Кабул провинциясының тұрғындарына гуманитарлық көмекті тапсыру рәсіміне қатысты. Ұн, макарон өнімдері, күнбағыс майы және қоюландырылған сүттен тұратын азық-түлік 5 мыңнан астам мұқтаж отбасына берілетін болады.

«Іс-шараға қатысқан Кабул провинциясының губернаторы Мохаммад Якуб Хайдари және АИР Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің төрағасы Гулам Бахауддин Жилани Ауғанстан үкіметі мен халқының атынан қиын кезеңде көрсетілген көмек пен қолдау үшін ризашылықтарын білдірді.

Елші өз кезегінде Қазақстанның Ауғанстанға достық қарым-қатынасын атап өтті. Сонымен қатар еліміз осы күрделі жағдайда өңір елдеріне, соның ішінде Ауғанстанға жан-жақты қолдау көрсетіп отырғанын атап өтті» делінген ақпаратта.

Мәлім етілгендей, Қазақстанның гуманитарлық көмегі судан зардап шеккен 8 провинцияда таратылды. Азық-түлік Кабулдан басқа, Балх, Парван, Панджшер, Логар, Вардак, Бағлан және Саманган провинцияларына жеткізілді.

Хабар 24 телеарнасы