428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәжілістің жалпы отырысынан тікелей эфир

  • 86
  • UPD: 13:51, 07.10.2020

Елімізде жаңартылатын энергия көздерін қолдануға қатысты тариф белгіленуі мүмкін. Бұл туралы мәселе дәл қазір Парламент мәжілісінің жалпы отырысында қаралып жатыр. Негізінен төрт бірдей заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеу көзделген.

Әнуарбек Мырзатайұлы, тілші:

- Мәжіліс отырысында қаралып, талқыланған мәселенің бірі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау және электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер  мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы. Бірқатар депутаттың басшылығымен ұсынылған құжатқа бірнеше фактор әсер еткен. Атап айтқанда, жаңа маневрлік қуаттарды салу үшін жағдайлар жасау; тасқындық электр энергиясын орталықтандырылған түрде сатып алу-сату тетігін ендіру; жаңартылатын энергия көздерін қолдауға өтпелі тариф белгілеу және электр энергиясын сатып алу мерзімін ұлғайту мәселелері. Бұған дейін бұл «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы және бірқатар қуат өндіруші компания өкілдерімен талқыланған. Осыған байланысты қолданыстағы екі заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделіп отыр. Халық қалаулылары негізінен жаңартылатын энергия көздерін пайдалануға басымдық беру керектігін атап өтуде. Ал, талқыға саалынған кезекті мәселе «кеме қатынасы туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы болды. Мұнда негізінен Еуразиялыққа одаққа мүше мемлекеттердің ішкі су жолдарымен кемелердің жүзуі кезінде туындайтын қатынастарды реттеуге арналған.

Ал зияткерлік меншік пен Қазақстан мен Қырғыз Республикасының арасындағы көші-қон саласын реттейтін екі бірдей заң жобасы Мәжілістің тиісті комитеттерінің қарауына жіберілді. 

Хабар 24 телеарнасы