432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

А.Мамин Ресей үкіметінің төрағасымен келіссөз жүргізді

  • 170
  • UPD: 22:59, 08.10.2020

Премьер-министр Асқар Мамин Мәскеу қаласына жасаған жұмыс сапары аясында Ресей Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен келіссөз жүргізді.

Тараптар сауда-экономикалық, қаржы-инвестициялық, энергетика салаларындағы, сондай-ақ өнеркәсіптік кооперациядағы екі жақты ынтымақтастықты одан әрі арттыру мәселесін талқылады. Сонымен қатар Асқар Мамин Ресейдің орталық мемлекеттік органдарының, корпорациялары мен қаржы-банк құрылымдарының басшылығымен де кездесті.

Сберге барып, басқарма төрағасы Герман Грефпен жүздесті. Асқар Мамин денсаулық сақтау, білім беру, логистика, корпоративтік және мемлекеттік басқару салаларында қолданылатын озық жобалармен танысты. Тараптар «Астана» халықаралық қаржы орталығының платформасында АйТи мамандарды бірлесіп даярлаудағы ынтымақтастықтың жолдарын қарастырды. Ал мемлекеттік даму корпорациясының төрағасымен өткен кездесуде одақ кеңістігінде бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру жайы қозғалды. Экономиканы технологиялық жаңғырту және цифрландыру, шикізаттық емес сектордағы сауданы дамыту да сөз болды. Бұдан бөлек Асқар Мамин тараптармен екі елдің геология, энергетика және ғарыш салаларындағы ынтымақтастығының өзекті мәселелерін пысықтады.

Хабар 24 телеарнасы