425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

А.Мамин Қырғызстанның сыртқы істер министрін қабылдады

  • 346
  • UPD: 22:35, 29.10.2020
А.Мамин Қырғызстанның сыртқы істер министрін қабылдады

Еліміздің Премьер-министрі Асқар Мамин Қырғыз Республикасының сыртқы істер министрі Руслан Казакбаевты қабылдады.

Үкімет басшысы 2020-2022 жылдарға арналған Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы ынтымақтастықтың кешенді бағдарламасын, қос мемлекет арасындағы уағдаластықтарды іске асырудың маңызын атап өтті. Тараптар екі елдің сауда-экономикалық, инвестициялық, транзит-көлік, логистика, су-энергетика салаларындағы ынтымақтастығын талқылады. Кездесуде пандемияның теріс салдарын азайтудағы өзара іс-қимыл да сөз болды.

Хабар 24 телеарнасы