425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан-АҚШ арақатынасы сайлауға қарамастан тұрақты болып қала береді

  • 109
  • UPD: 15:42, 04.11.2020
Қазақстан-АҚШ арақатынасы сайлауға қарамастан тұрақты болып қала береді

Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы екі жақты байланыс деңгейі АҚШ-тағы президенттік сайлау нәтижесіне қарамастан тұрақты негізде сақталады.

Құрама Штаттардың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер осындай сенім білдірді. Қазіргі уақытта елорда мен Алматыда орналасқан Елшілік пен консулдық ғимаратында шетелдік азаматтар өз даусын беріп, АҚШ-тағы президенттік сайлау қорытындысын тағатсыздана күтіп отыр. 

Уильям Мозер, Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшісі:

- Бұл сайлауда АҚШ-тың 30-40 млн жуық азаматы дауысты пошта арқылы береді. Сонымен қатар алдын ала дауыс беру жүйесі де енгізілген. Яғни сайлау басталмай тұрып та учаскелерге бірнеше күн, тіпті ай бұрын ертерек барып өз үміткерін таңдағандар баршылық.

Хабар 24 телеарнасы