424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы мемлекет қайраткері Б.Рамазанованың туған-туыстарына көңіл айтты

  • 130
  • UPD: 20:51, 08.11.2020
Елбасы мемлекет қайраткері Б.Рамазанованың туған-туыстарына көңіл айтты

Нұрсұлтан Назарбаев белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Бижамал Рамазанованың қайтыс болуына байланысты туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Елбасы белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Бижамал Рамазанованың өмірден өтуіне байланысты ауыр қайғыға ортақтасып, көңіл айтты.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Бижамал Рамазанованың өзіне сеніп тапсырылған жауапты міндеттерді абыроймен атқарып, еліміздің өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосқанын атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев оның жарқын бейнесі жұртшылық жадында әрдайым сақталатынына сенім білдірді.

Хабар 24 телеарнасы