Президент Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовты қабылдады.
Өңір басшысы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша аймақта 227 жоба жүзеге асқанын жеткізді. Сосын вируспен күрес шараларын баяндады. Айтуынша, облыстағы ауруханалар қажетті құралдармен жабдықталған, дәрі-дәрмек қоры жасақталған. ПТР сынама алатын зертхана ашылған. Күн сайын орта есеппен 3 мыңға жуық тест жасалады. Әкімнің есебін тыңдаған Президент халықты жұмыспен қамту жұмыстарын жалғастырып, аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын төмендетпеуге байланысты бірқатар тапсырма берді.