420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ниагара сарқырамасы Қазақстан туының түсіне бөленді

  • 125
  • UPD: 16:09, 16.12.2020

Ниагара сарқырамасы жыл бойы арнайы жарық беру құрылғыларының көмегімен түрлі түске бөленіп, келбетін өзгертіп тұрады.

Күн ұясына бата бастаған сәтте қосылатын таңғажайып жарық шоуын көруге миллиондаған турист келеді. Пандемияға қарамастан биыл Ниагара шамдары сөнген жоқ. Ал бүгін Қазақстан тәуелсіздігінің құрметіне әйгілі сарқырама көк және сарғыш түске боялды. Бұл бастама Канададағы Қазақстан елшілігі мен Онтарио провинциясы әкімшілігінің қолдауымен іске асырылды. Аталмыш іс-шара әлемнің жүздеген еліне тікелей эфирде көрсетілді.

Хабар 24 телеарнасы