421,98 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сайлау-2021: Саяси жаңғырудың жаңа кезеңі

  • 353
  • UPD: 22:27, 25.12.2020

Алда өтетін сайлау еліміздегі саяси жаңғырудың жаңа кезеңіне бастау болмақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені саяси науқан бірқатар жаңашылдықпен өтетін болады. Бүгін Шымкентте арнайы басқосу өткізген саясаттанушы мамандар, журналистер мен блогерлер, үкіметтік емес ұйым мүшелері алда өтетін сайлаудың негізгі ерекшеліктерін тілге тиек етті. Әйелдер мен жастар үшін белгіленген квота бұл топтағы азаматтардың үнін билікке жеткізуге, әлеуметтік мәселердің шешілуіне мүмкіндік береді.

Алуа Жолдыбалина, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ бөлім басшысы:

– Егер бұған дейін адамдардың яғни кандидаттардың бәсекелестігі болса, осы жолы бәсеке партиялардың арасында болады. Бұл не береді? Бұл саяси партиялар аймақтағы мәселелерді терең зерттеуге, күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді көріп, оны шешуге атсалысуға мүмкіндік береді.

Самат Нұртаза, еуразиялық интеграция институтының сарапшысы:

– Оның үстіне 30 пайыз жастарға деген квота – ол жаңа бір буын, серпіліс, мәжіліске дүмпу болады деп өз басым есептеймін. Содықтан қоғам көп үміт артып отыр.

Сәкен Мәжінбеков, саясаттанушы:

– Парламентте тепе-теңдік бұрыннан сақталса, жергілікті жердегі мәслихатта бұл сақтала бермейтін. Яғни әйелдердің жергілікті жердегі мәселесін өздерінің шешуіне мүмкіндік туады.

Хабар 24 телеарнасы