Тәжікстан мен Өзбекстан президенттері Нұрсұлтан Назарбаевты Жаңа жылмен құттықтады
- 318
- UPD: 16:44, 30.12.2020

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонмен және Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті.
Н.Назарбаев пен Ш.Рахмон Қазақстан-Тәжікстан қатынастары достық, өзара сенім мен стратегиялық серіктестік рухында одан әрі тереңдей түсетініне сенім білдірді.
Сондай-ақ Елбасы мен Өзбекстан Президенті бір-бірін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы көптарапты стратегиялық ынтымақтастықтың, сондай-ақ екі ел халықтарының достық пен тату көршілік қатынастарының деңгейі жоғары екенін атап өтті.