389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Головкин мен Джейкобс жүздесті

  • 809
  • UPD: 20:37, 11.01.2017

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин мен Дэниэл Джейкобс алғашқы баспасөз мәслихатында жүздесті.

Орта салмақтағы мықтылардың сайысы Нью-Йорк қаласындағы «Мэдисон Сквер Гарден» аренасында 18 наурызда өтеді. Америкалық боксшы WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағынан үмітті. Алайда бұл сында Головкиннің төрт белбеуі де сарапқа салынады. Джейкобс қазақстандық боксшыға құрметпен қарайтынын атап өтіп, шаршы алаңда өз мықтылығын дәлелдеуге ұмтылатынын жеткізді. Головкин де америкалық қарсыласына жылы сөздер арнап, орта салмақтағы үздікті анықтайтын уақыттың келгенін тілге тиек етті.

Геннадий Головкин, кәсіпқой бокстан әлем чемпионы:

- Джейкобс – менің спорттық ғұмырымдағы ең мықты қарсылас. Дэнни бұл жекпе-жекке дайын деп ойлаймын. Қазір менің еншімде төрт белбеу бар. Бұл кез-келген боксшының арманы. Сондықтан орта салмақтағы шын мықтыны анықтайтын уақыт жетті. 18 наурызда тарихтағы ең керемет бокс шоуын көрсетемін деп уәде беремін.

Дэниэл Джейкобс, кәсіпқой боксшы:

- Головкинмен өтетін жекпе-жек менің спорттық ғұмырымның шыңы. Мен шаршы алаңдағы ең қорқынышты боксшы аталатын жігітпен сайысқа түсетініме қуаныштымын. Себебі мен өмірімде қиындықтарды жеңумен келемін. Оңай жолды таңдау ойымда жоқ. Мен Головкиннің мықты жағын да, әлсіз тұсын да білемін.

Хабар 24 телеарнасы