387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Қысқы спринт» дәстүрлі шаңғы сайысына 100-ге жуық жеткіншек қатысты

  • 780
  • UPD: 14:09, 22.01.2017

Бір аптадан кейін Алматыда бүкіләлемдік қысқы Универсиада ойындары басталады.

Студент спортшылар арасындағы кешенді сынды насихаттап, қолдау мақсатында еліміздің әр аймағында түрлі іс-шаралар өтіп жатыр. Бүгін елордалық жасөспірімдер жарыс жолына шығып, шаңғыдан бәсекеге түсті. «Қысқы спринт» атты дәстүрлі шаңғы сайысына 100-ге жуық жеткіншек қатысып, жас ерекшеліктеріне қарай үздіктерді анықтады. «Алты ай қар жататын аймақта қысқы спорттың өрісін кеңейтуге мүмкіндік мол. Сондықтан Астана іргесінен ашылған су жаңа шаңғы жолын тиімді пайдаланып, жиі жарыстар өткізу арқылы бұқаралық спорттың дамуына сеп боламыз», - дейді мамандар.

Юрий Старостин, жарыстың бас төрешісі:

- Жарыс өтетін шаңғы жолы жаңадан ашылды. Жазда да жаттығулар жасаймыз. Қазір шаңғышылар үшін жиі бас қосатын орынға айналды. Табиғаты өте қолайлы, тоғайдың арасында жүгіру де керемет. Сондықтан осындай жарыстар өткізу арқылы шаңғы спортын насихаттауға үлес қосамыз.

Кеңес Хабибул, шаңғышы:

- Жарыс жақсы өтті, онша қиын болмады. Мен бір апта дайындалдым, жақсы жүгіріп келдім. Мен болашақта шаңғышы болғым келеді. 

Хабар 24 телеарнасы