389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жанат Жақиянов IBO тұжырымының чемпиондық белбеуінен айырылып қалды

  • 637
  • UPD: 12:48, 16.03.2017
Жанат Жақиянов IBO тұжырымының чемпиондық белбеуінен айырылып қалды Фото: vesti.kz

Жеңіл салмақта WBA (Super) және IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жанат Жақиянов IBO тұжырымының белбеуінен айырылып қалды.

Бұл туралы Vesti.kz порталы жазады.

Енді жеңіл салмақтағы бұл ұжымның чемпионы атағы қазір бос тұр, деп хабарлайды Іboboxing.com порталы. Ал boxrec.com порталының мәліметі бойынша, ұйым бұл тұжырымның чемпионы атағын жеңіп алған Жанат Жақияновтан тартып алыпты.

Чемпиондық атақты кері қайтарып алуға отандасымыздың IBO ұйымына белбеу үшін берілетін жарнаның төлемеуі себеп болыпты.

Еске салайық, бұл чемпиондық белбеуді Жанат Жақиянов 11 ақпан күні АҚШ-тың Толедо қаласында америкалық Роуши Уорренге қарсы өткізіп, 12 раундың қорытындысы бойынша төрешілердің шешімімен жеңіске жетіп, жеңіп алған еді.

Қазір енді оның еншісінде тек жеңіл салмақтағы WBA тұжырымының чемпиондық белбеуі қалды.

Хабар 24 телеарнасы