Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


WBA Жанат Жақиянов үшін арнайы белбеу жасап шығарды

  • 922
  • UPD: 07:56, 12.07.2017
WBA Жанат Жақиянов үшін арнайы белбеу жасап шығарды kaz.vesti.kz

Жақиянов қазіргі уақытта WBA (Super) белбеуінің иегері. Бүкіләлемдік бокс ассоциациясы (WBA) жеңіл салмақтағы WBA (Super) тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жанат Жақиянов үшін (27-1, 18 КО) арнайы белбеу жасап шығарды.

33 жастағы Жақиянов 11 ақпан күні АҚШ-тың Толедо қаласында 30 жастағы америкалық Роуши Уорреннен (14-2, 4 КО) төрешілердің шешімі бойынша үстем түсіп, WBA (Super) және IBO чемпиондық белбеулерін жеңіп алды. Кейіннен ол өз еркімен IBO чемпиондық белбеуінен бас тартты.

Келесі кездесуін отандасымыз (WBO) ОАР елінің намысын қорғайтын Золани Тетеге (25-3, 20 КО) қарсы өткізуі мүмкін. Боксшының айтуынша, ол белбеулерін Астанада өтетін бокс кешінің барысында қорғауы мүмкін.

Ақпарат көзі: kaz.vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы