384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Джиу-джитсудан Қазақстан ұлттық құрамасы Азия чемпионатына аттанды

  • 479
  • UPD: 22:35, 11.08.2017
Джиу-джитсудан Қазақстан ұлттық құрамасы Азия чемпионатына аттанды

Джиу-джитсудан Қазақстан ұлттық құрамасы Вьетнамда өтетін Азия чемпионатына аттанды.

Бұл туралы Qsport.kz  порталы хабарлайды. Қазақстан джиу-джитсу федерациясының мәліметі бойынша, қазақстандық қыз-жігіттер Азия чемпионатында файтинг, неваза, комбат және дуо жүйелері бойынша жарыстарға қатысады. Ханойдағы Азия чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасының намысын 32 спортшы қорғайды.

Айта кетейік, Азия чемпионаты спортшылар мен құрамаларға рейтингтік ұпай алудағы маңызды турнир болмақ. Себебі, 2018 жылы Джакартада (Индонезия) өтетін Азия ойындарына рейтингтегі ұпай саны жоғары спортшылар қатыса алады.

Еске салайық, Вьетнамдағы Азия чемпионаты 12-15 тамыз аралығында өтеді. Жарысқа көптеген спортшы қатысады деп күтілуде. Олардың арасында әлемдік жарыста топ жарған спортшылар да бар.

Хабар 24 телеарнасы