Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 142
387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бұқаралық спортты дамыту қолға алынды

  • 987
  • UPD: 15:19, 19.08.2017

Ауылдық жерде бұқаралық спортты дамыту қажет.

Ол үшін спорттық кешендер салып, жаттықтырушыларды  ауылға көптеп тарту маңызды.  Еліміздің Спорт және дене шынықтыру ісі комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов осылай дейді. Оның айуынша, бұқаралық спортқа өңір басшылары жіті көңіл бөлсе сонда ғана қазақ спорты биік белестерді бағындырады. Айта кету керек, бүгін еліміздің әр түкпірінде Спорт күніне арналған  спартакиада өтіп жатыр. Онда мини-футбол, волейбол, үстел теннисі және шахматтан мемлекеттік мекеме қызметкерлері арасында жарыс қызған. Жалпы 200-ден астам адам 12 командада бақ сынап жатыр.

Елсияр Қанағатов, ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру ісі комитетінің төрағасы:

- Өңірлерде спорттық кешендер салынып жатыр. Спорттық алаңдар көбейіп жатыр. Жыл сайынғы статистикаға қарасақ, барлық жағынан біз жақсы деңгеймен келе жатырмыз. Бірақ әлі де ауылдық жерде спорттық кешендер жеткіліксіз, жаттықтырушыларды ауылға тарту керек. Бұқаралық спорт дамымаса, біздің үлкен спорт дамымайды. Сондықтан аудандық, облыстық әкімдіктерден спортқа көңіл бөліңіздер.

Хабар 24 телеарнасы