378,62 431.00 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте стенд атудан халықаралық турнир басталды

  • 510
  • UPD: 18:12, 20.10.2017

26-шы рет жалауын көтерген жарысқа еліміздің мергендерінен бөлек, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Ресейден 250-ден астам спортшы келді.

Құралайды көзге ататын шеберлер 5 айналым бойынша стенд атудан өзара мықтыны анықтайды. Жекелей сында топ жарудан дәмелі жігіттің бірі – оңтүстікқазақстандық Шыңғыс Егемқұлов. Жас спортшы халықаралық турнирде үздіктер қатарында жүр. 5 күнге созылатын сайыс келесі аптада аяқталады.

Шыңғыс Егемқұлов, турнирге қатысушы:

- Бұл спортқа қатысқаныма 5 жыл болды. Қарсыластар мықты. Әр елден дайындалып келген. Бұл жарыста жүлде алуға тырысамын. Алға қойған мақсатым келесі жылы халықаралық жарыс болады әрі соған да дайындық.

Хабар 24 телеарнасы