386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Марафоншылар қыста да жүгіреді

  • 702
  • UPD: 17:48, 12.12.2017

Желтоқсанның 24 күні Астанадағы триатлон паркінде қысқы марафон өтеді.

Жарысқа қатысушылар 42, 21 және 10 шақырымдық қашықтыққа жүгіреді. Тіркеу енді басталды. Ниет білдіргендер қатарында Әділбек Жақсыбеков, Болат Жәмішев секілді қоғам қайраткерлері бар. Кәсіпкерлер мен кәсіпқой спортшылар да сынға түседі. «Марат-фон» клубының негізін салушы Марат Жыланбаев «аяз кезінде жүгірудің өз тәртібі бар, оған машықтанғандар суықты елемейді. Арнайы жылы киімдер тігіледі, әуесқойларды үсік шалуы мүмкін емес», дейді. Қазір бірнеше шәкірті шынығып жүр.

Сахитжан Қуанышбаев, әуесқой марафоншы: 

- Негізі 42 шақырымға жүгіргім келген. Бірақ Марат Төлегенұлы жаттығуымның жеткіліксіз, сол себепті тіземді сындырып алуым мүмкін екендігін айтты, 21 шақырымды таңдадым. Тіркелдім. Енді психологиялық тұрғыда дайынмын 21 шақырымға жүгіруге, физикалық тұрғыда дайындық үстіндемін.

Хабар 24 телеарнасы