384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Хоккей: ЖХЛ-да өнер көрсететін клубтар кезекті кездесулерін өткізді

  • 297
Хоккей: ЖХЛ-да өнер көрсететін клубтар кезекті кездесулерін өткізді

Жоғарғы хоккей лигасында өнер көрсететін қазақстандық клубтар плей-офф аясындағы кезекті кездесулерін өткізді.

Әсіресе, қарағандылық «Сарыарқа» жақсы нәтиже көрсетіп келеді. Ол Новокузнецк қаласында өткен соңғы ойында жергілікті «Металлург» клубын 5:2 есебімен жеңді. Ал кездесулер сериясындағы есеп 3:1-ге жетті. Яғни қарағандылық клуб осыған дейінгі 4 кездесудің үшеуінде жеңіске жетіп отыр. Ал плей-оффтың ширек финалына 4 рет жеңген команда өтетінін ескерсек, «Сарыарқа» хоккейшілеріне енді 1 жеңіс қана жетпей тұр. Қос команда арасындағы келесі матч 3 наурызда Қарағанды қаласында өтеді және кездесулер сериясының тағдыры осында әбден шешіліп қалуы мүмкін. Ал Жоғарғы хоккей лиганың плей-оффына шыққан өскемендік «Торпедода» крісінше жағдай. Яғни ол өткен 4 кездесудің үшеуінде «Торос» командасына есе жіберді. Соңғы матч Нижнекамск қаласында өтіп, 2:1 есебімен аяқталды. Енді қос команда 3 наурызда Өскемен қаласында өзара 5-матчын өткізеді.

Хабар 24 телеарнасы