385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда жалауын көтерген жетінші Қысқы Универсиада өз мәресіне жетті

  • 446
Павлодарда жалауын көтерген жетінші Қысқы Универсиада өз мәресіне жетті

Ертіс өңірінде өткен жарысқа республика аумағынан 38 жоғары оқу орнының командасы қатысқан болатын.

Байрақты бәсекеде Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетіфнің асығы алшысынан түсіп, бірінші орынға ие болды. Осы орайда оқу орнының еліміздегі ең жас университет екенін айта кету керек. Ең қызығы білім ордасында оқып жатқан қыз балалар жоғары нәтижеге қол жеткізген. Олар қысқы көпсайыстан, шаңғы жарысынан, спорттық бағдарлау мен пауэрлифтингтен жүлделі орындарға ие болды. Қысқы Универсиаданың қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты екінші орын алса, жүлделі үшінші орын Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің еншісіне тиді. Ал Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті жоғары оқу орындары арасында үздік төрттікке ілікті. Естеріңізге сала кетсек, Қысқы Универсиада спорттың тоғыз түрі бойынша өтті. Сонымен қатар студент спортшылар баскетбол, футбол, күрес және пауэрлифтингтен де сынға түсті.

Рахметолла Қасқырбаев, облыстық білім беру басқармасы аймақтық дене шынықтыру оқу-тәжірибелік орталығының жетекшісі:

– Студент спортшылардың деңгейінің айтарлықтай өскені байқалады. Жарыстар тартысты бәсекелерге толы болды. Жоғары оқу орындарының спорттық клубтары бұл бағыттағы жұмысты әлі де жалғастыра береді деп ойлаймын. Ал павлодарлық жастар спортың қай түрі болмасын алдыңғы қатардан көрінді. Мәселен, қысқы спорттан дәстүрлі шаңғы жарысы, спорттық бағдарлау, топтық және жекелеген жарыстарда облыс намысын лайықты қорғап шықты.

Хабар 24 телеарнасы