375,77 406 5,90

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда сурдлимпиадалық чемпионат өтті

  • 629
  • UPD: 17:58, 29.03.2018
Оралда сурдлимпиадалық чемпионат өтті

Оралда есту қабілеті төмен жасөспірімдер мен жастар арасында еркін және грек-рим күресінен республикалық чемпионат өтті.

Мүмкіндігі шектеулі жандардың сайысына еліміздің 8 облысынан 60-тан астам спортшы келді. Сегіз салмақта жеңіске жеткен балуандар жазда Ресейде өтетін әлем чемпионатында жолдама алады. Мамандардың айтуынша, елімізде сурдлимпиадалық біріншіліктер 10 жыл бойы өтіп жүр. Биылғы жарысты оралдағы мүмкіндігі шектеулі спортшыларға арналған клуб ұйымдастырды. Бұл спорттық мекемеде жастар күрестен бөлек жүзу, гимнастика, шахмат пен дойбы және бадминтон секілді спорттың 10 түрінен шеберліктерін шыңдауға мүмкіндік алды. 

Ерназар Қонысбаев, еркін күрестен Қазақстан құрамасының аға жаттықтырушысы:

- Деңгейлері қазір жақсы болып қалды. 2017 жылы Түркияның Самсун қаласында ойындар болған. Сол жерде 2 қола медальға ие болдық. Жастар мен жасөспірімдер арасында да қола жүлдеге қол жеткізгендер бар. Бұл жігіттер талпынып, тырысып жатыр. Өмірге деген кішкене көзқарастары жақсарып қалды. Спортпен айналысып, сырт елдерде спортшылармен тәжірибе алмасады. 

Хабар 24 телеарнасы