380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада киокушинкай каратэден ел кубогы өтіп жатыр

  • 399
  • UPD: 16:47, 06.04.2018
Қызылордада киокушинкай каратэден ел кубогы өтіп жатыр Фото: goodfon.ru

Еліміздің ең үздік каратэшілері бұл жолы Қызылордаға жиналды.

14 өңірден келген 500-дей киокушин шебері ел кубогын сарапқа салмақ. Сыр елінде алғаш ұйымдастырылған жарыс қатысушылары 25 салмақ бойынша өзара мықтыны анықтайды. Сайыс аясында «Сыр шайқасы» атты халықаралық жолдастық кездесу болады. Яғни 3-ке 3 «топтық төбелес» форматы бойынша Қазақстан құрамасы Ресей, Беларусь және Қырғызстан командаларымен шеберлік байқасады. Каратэшілер бәсекесінде топ жарғандар алдағы маусым айында Астанада, тамызда Венгрияда өтетін Азия және Әлем чемионаттарына жолдама алады.

Әлімжан Молдағали, ҚР киокушинкайкан каратэ федерациясы президентінің орынбсары:

– Одессада өткен әлем чемпионатынан біздің Қазақстан спортшылары құрама командасы 12 алтын медаль алып келді. Менің ойымша, ол – үлкен жетістік. Қазір енді Азия чемпионаты өтеді, сондағы арманымыз – сол дәрежеден түспеу.

Хабар 24 телеарнасы