389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан құрамасы әлемдік лиганың жолдамасынан қағылды

  • 279
Қазақстан құрамасы әлемдік лиганың жолдамасынан қағылды

Хоккейден Қазақстан құрамасы Бірінші дивизионның А тобында үшінші орын иеленді.

Венгрия астанасы Будапешт қаласында өткен әлем чемпионатында біздің хоккейшілер бес ойында 9 ұпай жинады. Ұлыбритания, Польша және Венгрия құрамаларынан басым түсіп, Италия мен Словенияға есе жіберген Қазақстан ұжымы А тобында үшінші орынға жайғасты.

Топтың көшін Италия құрамасы бастады. Ал екінші сатыға Ұлыбритания құрамасы орналасты. Әлемдік лигаға топтан тек екі құрама ғана жолдама ала алады. Сол себепті үшінші орынды місе тұтқан біздің жігіттер жолдамадан қағылды.

Ақпарат көзі: prosports.kz

Хабар 24 телеарнасы