384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


MMA: еліміздегі кәмелетке толмаған спортшылар жекпе-жекке шығатын болды

  • 479
  • UPD: 20:52, 09.05.2018
MMA: еліміздегі кәмелетке толмаған спортшылар жекпе-жекке шығатын болды

Енді 16-17 жастағы жасөспірімдер де ережесіз жекпе-жектен ел біріншілігіне қатыса алады.

Биылдан бастап ММА бойынша Қазақстан чемпионатына осындай өзгеріс енгізілді. Жалпы саны 200-ге жуық спортшы бүгін Астанада бас қосып, өзара мықтыны анықтауға кірісті. Олардың арасында жасөспірімдер, жастар және ересектер бар. Жарыс бағдарламасы бойынша ерлер 9, әйелдер 5 салмақ дәрежесі бойынша сынға түседі. Чемпионаттың жалпы қорытындысы таяуда белгілі болады.

Баян Жангалов, ММА бойынша ұлттық құраманың бас бапкері:

- Өткен чемпионаттармен салыстырғанда биылғы жарысқа қатысушылардың саны да сапасы да әлдеқайда жоғары. Әсіресе өңірлерде осы спорт түрі қарқынды дамып жатқаны байқалады. Кәсіпқой алаңға бірінші рет шығып тұрған жасөспірімдер мен жастар шеберлігі жағынан ересек спортшылардан кем емес.

Хабар 24 телеарнасы