386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан УЕФА Суперкубогын өткізуге ниетті

  • 397
Қазақстан УЕФА Суперкубогын өткізуге ниетті vesti.kz

Қазақстан 2020 жылғы УЕФА Суперкубогын өткізуге өтініш білдірген, – деп хабарлайды УЕФА-ның ресми сайты.

24 мамыр күні Украинаның астанасы Киев қаласында өтетін Еуропа футбол қауымдастығының атқарушы комитетінің отырысында 2020 жылғы Чемпиондар және Еуропа лигасының финалы мен УЕФА Суперкубогының өтетін орнын анықтайды.

Әзірге Чемпиондар лигасын өткізуге Португалия астанасы Лиссабон мен Түркияның Ыстамбұл қалалары үмітті. Ал әйелдер арасындағы еурододаның ақтық ойынын өткізуге Мәскеу, Вена және Льежбен қалалары өтініш берген. Деңгейі жағынан Чемпиондар Лигасынан кейінгі Еуропа Лигасының финалын өткізуге Порту мен Гданьска қалалары таласып көреді.

Ал сол жылы өтетін УЕФА Суперкубогын өткізуге 9 бірдей ел өтініш білдірген. Оның ішінде Қазақстан да бар. Біздің елден бөлек Суперкубок ойынын өткізуге Беларусь, Финляндия, Франция, Албания, Израиль, Молдавия, Солтүстік Ирландия және Португалия сияқты мемлекеттері ниетті.

Ақпарат көзі: vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы