389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Премьер-лига: «Ақтөбе» мен «Жетісу» тең тарқасты

  • 480
  • UPD: 19:27, 10.05.2018

Кеше футболдан Қазақстан премьер-лигасының 9-тур ойындары өтті.

«Астана» «Қызылжарды» қабылдап, 2:0 есебімен басым түссе, дәл осындай нәтижемен «Қайрат» «Ордабасының» осал тұсын тапты. «Қайсар» «Шахтер» қақпасына жауапсыз үш доп соқты. «Тобыл» сырт алаңда 1:0 есебімен «Ертісті» жеңді. «Ақжайық» - «Атырау» 1:1. «Ақтөбе» мен «Жетісу» арасындағы кездесу де тең аяқталды. Владимир Муханов шәкірттері алаңдағы басымдықты нәтижеге айналдыра алмады. Жиі шабуылдаған "Ақтөбе" футболшылары тек, 40-минутта есеп ашты. Бұрыштан асырылған допты Саша Марьянович қақпаға дәл бағыттады. Үзілістен кейін «Жетісу» сапынан Милан Бойович таразы басын теңестірді. Қорытынды есеп:1:1. «Ақтөбе» жүлделі орыннан алыстап барады.    

Владимир Муханов, "Ақтөбе" ФК бас бапкері:

- Жаман ойнаған жоқпыз. Екі таймда да басым болдық. Алғашқы таймда гол соғудың жолып таптық. Алайда үзілістен кейін өрескел қателік жасап, қақпамызға доп жіберіп алдық. Қарсыластар қорғанысқа жатып алды. Біздің екінші соққан добымыз есепке алынбады. Маған бұл жағдай түсініксіз болып тұр. Жинаған ұпайларымызды алып тастады. Жанкүйерлерімізге жеңіс мейрамында қуаныш сыйлай алмағанымыз өкінішті.

Хабар 24 телеарнасы