389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Хоккей: Әлем чемпионатындағы қызықты жағдай (бейне)

  • 781
  • UPD: 09:50, 16.05.2018

Данияда өтіп жатқан хоккейден әлем чемпионаты топтық кезеңінде Швеция мен Швейцария (5:3) кездесуінде қызықты жағдай болды, – деп хабарлайды  Eurosport.

Соңғы минутта швейцариялықтар шабуылды үдете түсу үшін қақпашыны ойыншымен алмастырған. Алайда олар шабуыл болатынын ескермеген.

Швециялық Рикард Ракелл мен Мика Зибанеяд қорғаушыны сан соқтырып алдағанмен, дәл қақпаның алдына келгенде, Тре Крунур көшбасшылары шайбаны сала алмай, ұятқа қалды.

Ракелл – ӘЧ-2018 жарысында Швеция құрамасының үздік мергені (5 шайба) және бомбардирі (11 ұпай). Ал Зибанеядта 7 (4+3) ұпай.

15 мамырда Швеция Ресеймен ойнайды. Шведтер А тобында 17 ұпаймен көш бастап тұр, ал ресейліктер 16 ұпаймен екінші орында.

Ақпарат көзі: vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы