378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Зарина Дияс «Ролан Гаррос» турнирінің екінші айналымына өтті

  • 323
  • UPD: 18:37, 28.05.2018

Қазақстанның бірінші, әлемнің 53-ракеткасы Зарина Дияс үшін «Ролан Гаррос» турнирінің алғашқы айналымы сәтті өтті.

Отандасымыз поляк қызы Магда Линетпен кездесті. 

Бірінші партияда дүниежүзілік рейтингте 67-орында тұрған Линетт брейк жасап, 3:2 есебімен алға шықты. Дегенмен, бұдан кейін Зарина қарсыласына дес берген жоқ - 6:3. Екінші партияда Дияс тіпті айқын басымдылық көрсетті. Есеп 6:1. Бұған дейін Линеттен екі рет жеңілген Зарина Парижде қарымта қайтара білді. Осылайша Юлия Путинцевадан кейін Зарина Дияс та екінші айналымға шықты. Ерлер арасындағы додада Михаил Кукушкин алғашқы ойынын испаниялық Альберт Рамос-Виньоласпен өткізеді.

Хабар 24 телеарнасы