367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада каратэ киокушинкайдан Азия чемпионаты басталады

  • 195
  • UPD: 15:47, 13.06.2018
Астанада каратэ киокушинкайдан Азия чемпионаты басталады

Бірер күннен кейін Астанада каратэ киокушинкайдан Азия чемпионаты басталады.

Осыған орай ел намысын қорғайтын спортшылар қазір соңғы дайындықтарын пысықтап жатыр. Азамат Такенов баптайтын ұлттық құраманың негізгі жаттығуы қала сыртындағы парк пен республикалық федерацияның спорттық базасында өтеді. Бас-аяғы 55 спортшы алдағы құрлықтық дода еліміз атынан сынға түспек. Ал байрақты бәсекеге қатысататын спортшылар саны 250-ден асады. Бүгінге дейін 12 елдің құрамасы келетіндерін растаған. Чемпионаттың өзі 16-17 маусым күндері Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде өтеді. 

Темірлан Жәнібек, каратэ киокушинкайдан қлттық құрама мүшесі:

- Біз басқа жарыстарға қатысып, осы Азия чемпионатына дайындалдық. 2 кезеңнен тұратын жаттығу өтті. Екеуі де Астанада өтті. 2-3 күннен кейін негізгі жарысқа шығамыз. 

Азамат Такенов, каратэ киокушинкайдан ұлттық құраманың бас бапкері:

- Федерация басшылығы жалпыкомандалық есепте бірінші орын алу мақсатын қойды бізге. Сол үмітті ақтауға тырысамыз. Енді қалғанын татами көрсетеді.

Осы категория бойынша: « Футболдан Әлем чемпионаты басталатын кез таяп қалды Қарағанды облысында синхронды жүзуден ел чемпионаты басталды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы