368,28 419.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

WBC президенті Головкиннен «Канелоның» допинг мәселесін ұмытуды сұрады

  • 192
  • UPD: 12:24, 20.06.2018
WBC президенті Головкиннен «Канелоның» допинг мәселесін ұмытуды сұрады Prosports.kz

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман орта салмақтағы WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинге (38-0-1, 34 КО) мексикалық боксшы Сауль Альвареске (49-1-2, 34 КО) қатысты допинг дауын ұмыту туралы өтініш жасады, деп хабарлайды boxingscene.com порталы.

Головкин бірнеше ай бойы кленбутерол дәруменімен ұсталып қалған «Канелоның» шамына тиіп жүр. Сулейманның ойынша, бұл кездесуге негативті жарнама жасамау үшін боксшыларға өткенді ұмытқан дұрыс екен.

«Менің ойымша «Канелоның» допинг дауына қатысты ісі өткен шақта болған дүние. Тесттер «Канелоның» допингті әдейі қолданбағанын көрсетті. Барлық көрсеткіш дәруменнің оның қанына бұзылған ет арқылы түскенін айқындады. Мен де оны ұмытқан жөн деп санаймын. Барлық назар шаршы алаңда болатын дүниеге аударылуы керек. Егер «Канело» жеңетін болса, Головкин оның жеңісін мойындауы керек. «Канело» болса VADA ұйымдастырған бағдарламаға да өз еркімен келді. «Канело» – тәжірибелі боксшы. Ол енді Головкинді жеңе алатынын дәлелдеуі керек. Бірақ Головкин чемпион. Сондықтан бұл жерде Головкин көп нәрсені дәлелдеуі керек», – деді Сулейман.

Еске салайық, Головкин мен «Канело» арасындағы бірінші кездесуі Лас-Вегас (Невада штаты) қаласындағы T-Mobile спорт кешенінде өтіп, тең аяқталған болатын. Екі боксшыныің командалары екінші кездесуді 5 мамырда өткізу туралы келіссөз өткізген. Алайда «Канело» допингпен ұсталып, алты айға бокстан шеттетілді. Енді олардың екінші кездесуі 15 қыркүйек күні сол Лас-Вегаста өтеді.

Ақпарат көзі: vesti.kz

Осы категория бойынша: « Футбол тарихындағы қызықты 7 оқиға Головкин Қазақстанға келеді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы