369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Марин Чилич маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

  • 163
  • UPD: 17:57, 25.06.2018
Марин Чилич маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Лондонда теннистен халықаралық турнир аяқталды.

АТР сериясына кіретін жарыста хорватиялық Марин Чилич топ жарды. Ол финалда Новак Джоковичпен жолыққан болатын. Шамамен 3 сағатқа созылған кездесу қорытындысы – 5:7, 7:6, 6:3. Осылайша Чилич биылғы маусымдағы алғашқы, ал кәсіпқой мансабындағы 18-бас жүлдесін жеңіп алды. Айта кетейік, бұл турнир 18 маусымда басталған болатын. Әлемнің ең үздік теннисшілері аптаға жуық уақыт өзара мықтыны анықтады. Ал жарыстың жалпы жүлде қоры 2 миллион еуроны құрады.

Марин Чилич, жарыс жеңімпазы:

- Мен осы жарыста топ жаруды 6 жыл бойы армандадым. Лондондағы бәсеке жарқын жанкүйерлерімен есте қалды. Олар маған жақсы қолдау жасады. Кәсіпқой мансабымның соңына дейін бұл жерге қайта келіп, өз мықтылығымды тағы бір дәлелдегім келеді.

Осы категория бойынша: « ӘЧ-2018: тазалық, төрге шығыңыз! Астанада биыл жаңа спорт сарайы қолданысқа беріледі »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы