365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ӘЧ-2018: Е тобынан 1/8 финалға Бразилия мен Швейцария шықты

  • 269
  • UPD: 07:19, 28.06.2018
ӘЧ-2018: Е тобынан 1/8 финалға Бразилия мен Швейцария шықты Казахстанская правда

Футболдан Ресейде өтіп жатқан әлем чемпионатының Е тобындағы ойындар аяқталды.

Фаворит саналған Бразилия мен Швейцария құрамалары 1/8 финалға шықты.

Топтағы соңғы турда Бразилия құрамасы Сербияны 2:0 есебімен ұтты. Балқан түбегінен келген құраманың да плей-оффқа шығатын мүмкіндігі болған. Ол үшін пентакампеондарды жеңуі тиіс еді.

Бразилия құрамасына маңызды ұпай сыйлаған ойында Паулиньо мен Тяьго Силва гол соқты. Нәтижесінде 7 ұпаймен топта бірінші орын алды.

Екінші жолдаманы Швейцария құрамасы иеленді. Олар соңғы турда Коста-Рикамен тең ойнады. Екі рет есепте алға шыққанмен, жеңісті уыстарынан шығарып алды. Алдымен Джемайли есеп ашса, Кендал Бастон таразы басын теңестірді. 88-минутта Дрмич швейцариялықтарды кезекті рет алға шығарды. Алайда ойын соңында бас төреші Турпен пенальти белгіледі. Брайан Руистің тепкен добы қақпа бағанынан қайтып, қақпашы Зоммерге келіп тиді. Тиген бойда кері серпіліп, қақпа торынан бір-ақ шықты. Автогол...

1/8 финалда Бразилия құрамасы Мексикамен кездеседі. Ал швейцариялықтар Швециямен ойнайды.

Осы категория бойынша: « Бапкер: Месси команданы қасақана жеңіліске ұшыратады ӘЧ-2018: 28 маусымға арналған ойындар кестесі »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы