365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Көкшетаудағы жеңіл атлетика манежіне жөндеу жұмыстары жүргізіледі

  • 174
Көкшетаудағы жеңіл атлетика манежіне жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Көкшетаудағы жеңіл атлетика манежі ширек ғасырдан соң мемлекет меншігіне қайта өтті.

«Енді мұнда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, спорт нысаны адам танымастай өзгереді», – дейді мамандар. Аталған ғимарат 1989 жылы тұрғызылған. Алайда бірнеше жылдан соң манеж жекенің қолына өтіп кеткен. Кейіннен тағы да сатылып, нысан талан-таражға түсті. Жақында ғана облыстық әкімдік ғимаратты банкте кепілдікте тұрған жерінен 147 млн теңге беріп, қайтарып алды. Енді мұнда 200-ге жуық бала қыркүйек айынан бастап жеңіл атлетикамен айналысатын болады. Ғимарат жекенің қолында болған кезде де жергілікті атлеттер осы жерде ешқандай жағдайдың жоқтығына қарамастан, ақы төлеп жаттығуға мәжбүр болған. Себебі қалада жеңіл атлетикаға арналған басқа нысан жоқ. Ал бұл манежден кезінде Евгений Мелешенко, Павел Дубицский секілді атақты спортшылар шыққан еді.

Максим Мартысевич, жоғарғы спорт шеберлігі мектебінің маманы:

– Биыл әзірге мұнда ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осы жазда қабырғасы сырланып, төбесі ақталады. Кабинеттер де жөнделеді. Қазірдің өзінде кәріз жүйесі қалыпқа келтірілді. Ал күрделі жөндеуге қаражат келесі жылы бөлінеді деп үміттенеміз.

Милана Блаженец, спортшы:

– -Мұнда спортпен айналысуға ешқандай жағдай жасалмаған. Жуынатын орын атымен жоқ. Күзден бастап осының барлығы дұрысталатынына сенеміз.

Осы категория бойынша: « Алматыда гандболдан Орталық Азия елдері арасында жарыс өтті «Қазақстан барысы 2018». Чемпионның жеке бапкері 3 жарым млн теңге алады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы