367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандылық Ержан Шынкеев «Қазақстан барысы-2018» атанды

  • 612
  • UPD: 21:37, 01.07.2018
Қарағандылық Ержан Шынкеев «Қазақстан барысы-2018» атанды

Ержан Шынкеев – қазақ күресінен «Қазақстан барысы» турнирінің жаңа чемпионы!

Қарағанды облысының балуаны алыптар арасындағы республикалық сайыстың финалында Ерасыл Қажыбаевтан ұпай санымен басым түсті. Ержан бұған дейін төрт мәрте «Қазақстан барысына» қатысып, 2013 жылы күміс жүлдеге қол жеткізген еді. 33 жастағы тәжірибелі спортшы көздеген мақсатына жетіп, еліміздің түйе балуаны атанды. Ал финалда Шынкеевке есе жіберген Ерасыл Қажыбаев «Әскер барысы» сайысында топ жарғаны белгілі. 24 жастағы семейлік жігіттің салмағы – 151 келі. Ол биылғы «Қазақстан барысындағы» ең ауыр балуан болды. Қола жүлде семейлік Айбек Нұғымаровқа бұйырды. Үшінші орын үшін болған белдесуде Айбек түркістандық Ерсұлтан Мұзаппаровты жеңді. Чемпион атанған Шынкеевке алтын тайтұяқ пен 25 миллион теңге табыс етілді. Күміс жүлдегер Қажыбаевқа 5,5 миллион бұйырды. Ал Айбек Нұғымаров 1,8 миллион теңгені еншіледі. Жүлделі болған балуандардың жеке бапкерлері де қомақты қаржылай сыйлыққа ие болды. 

Бейбіт Ыстыбаев, «Қазақстан барысы» турнирінің үш дүркін жеңімпазы:

- Биылғы «Қазақстан барысы» ерекше болып жатыр. Жас балуандардың деңгейі өте жоғары деп айтар едім. Спортшы ретінде де, жанкүйер ретінде де. Керемет жарыс болып жатыр. Мен өзімнің досым Мақсат Мәзібаевқа жанкүйер болып келдім. Жалпы бәріне жанкүйермін.

Осы категория бойынша: « «Қазақстан Барысы» республикалық турнирі басталды Астанада күштік құрылымдар арасында футбол турнирі өтті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы