374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралда мүгедек жандар арасында қол күресінен жарыс өтіп жатыр

  • 209
  • UPD: 19:43, 03.07.2018

Оралда мүмкіндігі шектеулі жандар арасында қол күресінен жарыс өтіп жатыр.

Астананың 20 жылдығына арналған сайысқа бірнеше ауданнан 50 білекті спортшы келді. Олар бес салмақта күш сынасады. Сурдолимпиядалық қол күресінде батыс қазақстандық спортшылар елімізде ғана емес Азия құрлығының мықтысы саналады. Биыл облыстың құрама командасы Талдықорғанда өткен чемпионаттан жақсы нәтижемен оралды. «Келешекте бұл спорт түрі паралимпиада ойындарының бағдарламасына енгізілсе жүлделі орындарды еншілейтін боламыз» дейді мамандар.  

Айымгүл Иманғалиева, жарысқа қатысушы:

- Қол күресінде қолыңызды жаттырқтыру керек болады. Содан кейін қолыңызды жаттықртыру арқылы сіз өзіңіздің күшіңіздің равновесия дейді ғой, неге десеңіз қол күресі кезінде мына столдың үстінен әрі қарай асып кетуге, немесе өзінің белгілі бір шарттарын орындау керек боласыз.

Аманбек Қошанов, қол күресінің жаттықтырушы: 

 - Бұл жарыста отырып қол күресі, коляскадағы спортшылар қатысып жатыр. Және екінші категория ол опорный тірек қимыл қызметі бұзылған спортшылар және 3-категория бізде есту қабілеті бұзылған спортшылар және көз құрылысы бұзылған сонымен қатар көз және однорукий деп аталады, бір қолы жоқ спортшылар қатысуда.

Осы категория бойынша: « Теннистен Уимблдон турнирі басталды ӘЧ-2018: ширек финалға шыққан барлық команда белгілі болды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы