374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ресейде әлем чемпионатына арнайы салынған стадионның құрылысы сыр берді

  • 205
  • UPD: 17:55, 17.07.2018

Ресейдегі доп додасы аяқталғаны кеше ғана.

Алайда әлем біріншілігіне арнайы салынған су жаңа стадиондардың бірі сыр берді. Елдің оңтүстігінде қатты жауған нөсер салдарынан Волгоград қаласындағы стадион маңы балшыққа айналды. Жаңбыр суы ғимараттың түбіндегі топырақты ағызып әкетті. Салдарынан стадион жанында терең шұңқыр пайда болды. Қатты жауыннан нысан маңы опырылып түскен. Құрылысқа жауапты мекемелер жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін стадион бір аптаға жабылатынын айтты. Волгоград қаласындағы спорт кешенінде әлем чемпионатының төрт ойыны өтті. 45 мың адамдық стадионды салуға 257 миллион доллар жұмсалған.

Михаил Еселенко, Волгоград қаласының тұрғыны:

– Құрылысқа жауапты жобалау қызметінің қателігі болуы мүмкін. Сонымен қатар уақыттың тығыздығынан нысанды асығып салды. Ол да өз әсерін тигізді. Технологиялық талаптар сақталмаған сияқты.

Осы категория бойынша: « Президент кубогына 100-ден аса теннисші қатысуда Роналду «Ювентус» сапында қанша жалақы алады? »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы