367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық таэквондошылар 1 күміс, 3 қола жеңіп алды

  • 216
  • UPD: 09:36, 23.07.2018
Қазақстандық таэквондошылар 1 күміс, 3 қола жеңіп алды

Қазақстандық жас таэквондошылар Оңтүстік Кореяда өткен халықаралық чемпионатқа қатысып, бір күміс, 3 қола медальді жеңіп алды.

Екінші орынды 59 келіге дейінгі салмақта Бекжан Нұснәлім иеленді. Ал үшінші орын 55 келіге дейінгі салмақта Азамат Рахымбаев пен 78 келіге дейінгі салмақта Сергей Ивашкевичке бұйырды. Қыздар арасында жалғыз медальге Нұрай Құйсайынова ие болды.

Нұрай Құсайынова, таэквондодан ҚР жастар құрамасының мүшесі:

- Қателігім өзім алға қарай шаптым, өзім шабуылдамадым. Алдағы жоспар – Атырауда өтетін ашық Азия чемпионаты және Kazakhstan Open-ге қатысу. Соған дайындық басталады.

Давранбек Ризаев, таэквондодан ҚР жастар құрамасының аға бапкері:

- Корей елінде өтетін халықаралық жарысымыз бізде дүние жүзінде ең қиын жарыстың бірі есептеледі. Соған біз жастар құрама командасынан келесі жылға қарап жүрген спортшыларымызды, Азия чемпионатына қарап жатқан спортшыларымызды алып келдік. Олардан сегіз спортшы қатысып, төртеуі жетістікке жетті.

Осы категория бойынша: « Жағажай футболынан Қазақстан құрамасы өз тобында бірінші орын алды Головкиннің бұрынғы қарсыласы «Канелоны» жеңудің жолын айтты »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы