374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Ювентусқа» өткен Роналду 8 минуттың ішінде алғашқы голын соқты

  • 180
  • UPD: 10:28, 13.08.2018
«Ювентусқа» өткен Роналду 8 минуттың ішінде алғашқы голын соқты

Олар клубтың жастар командасымен кездесіп, 5:0 есебімен жеңіске жеткен.

Футболдан Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду италиялық «Ювентусқа» өткеннен кейін алғашқы матчында 8 минуттың ішінде гол соқты, - деп хабарлайды Vesti.kz. Олар клубтың жастар командасымен кездесіп, 5:0 есебімен жеңіске жеткен.

Еске салайық, биылғы шілдеде Роналду туриндік «Ювентуспен» 2022 жылға дейін келісім-шартқа отырған. Келісім сомасы 112 миллион еуроға жетті, оның 100 миллионы «Реалға», ал қалғаны португалиялықтың бұрынғы клубтарына тиесілі. Роналдудың Туриндегі жалақысы, БАҚ мәліметінше, жылына 30 миллион еуро. Журналистердің есептеуінше, португалиялық футболшы секундына бір еуро табыс табады.

Осы категория бойынша: « Футболшы Роналдо ауруханаға түсіп қалды Ағылшын премьер-лигасының клубы «Тобыл» формасын көшіріп алды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы