374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ертіс өңірінде триатлоннан ел кубогінің кезеңі өтті

  • 167
  • UPD: 22:45, 13.08.2018
Ертіс өңірінде триатлоннан ел кубогінің кезеңі өтті

Ертіс өңірінде триатлон бойынша «Темір адам» атты ел Кубогінің үшінші кезеңі өтті.

Еліміздің түкпір-түкпірінен келген спортшылар жүзу, жүгіру және велосипед жарысы бойынша күш сынасты. Бас-аяғы 100-ге жуық кәсіби және 120 әуесқой спортшы бақтарын сынады. Қатысушылар Ертістің бойымен 750 метрлік қашықтықты жүзіп өтіп, 20 шақырымдық жолды велосипедпен еңсерді. Кейін 5 шақырымды жылдамдыққа жүгіріп өтті. Екі күнге созылған осы тектес  байрақты бәсеке облыста алғаш рет ұйымдастырылды.  Қуантарлығы, соңғы жылдары аймақта әуесқойлар арасындағы спорт түрлері дамып келеді. Дуатлон және триатлон, жаппай жүгірістер сынды жарыстарқа қатысуыға ниет еткендердің саны жыл санап артуда. Сонымен қатар өңірде судағы спорт түрлерін дамытуға қолдау бар. Қазіргі уақытта 600-ден астам жас кәсіби жүзумен айналысады.

Мұрат Әубәкіров, жарыс жеңімпазы:

- Велосипед жарысы барысында құбылмалы ауа райы кедергі келтіргені болмаса, жүгіріс пен жүзу кезеңінде қиындықтар болған жоқ. Павлодар өңіріндегі триатлон жарысы жоғары деңгейде өтті. Павлодарда ба сқосқан спортшылар Ертіс өзенінің құдыретін сезінгендей болды.

Осы категория бойынша: « Павлодарда грэпплингтен чемпионат өтті Рой Джонс бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының боксшыларымен кездесті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы