374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда ауыр атлетикадан республикалық турнир аяқталды

  • 239
  • UPD: 21:12, 17.08.2018

Алматыда ауыр атлетикадан Анатолий Храпатый атындағы турнир аяқталды. Бір аптаға созылған жарыстың соңғы күнінде жанкүйерлер алыптардың өнерін тамашалады.

Әлем рекорды жаңарған жоқ. Дегенмен, жастарымыздың аяқ алысы көңіл қуантты.

Даңқты спортшы Анатолий Храпатый атындағы республикалық ашық турнирге және жастар арасындағы ел біріншілігіне 150-ге жуық үміткер қатысқан болатын. Бүгін ең ауыр салмақтағы спортшылар жүлделі орындарды өзара бөлісті. 105 келіде тәжірбелі Рүстем Сыбайға тең келер ешкім болмады. Жұлқа көтеруде 170 келіні серпе көтеруде бірден 205 келіні ауыздықтаған Рустемнің бапкерлері қалған екі жаттығудан бас тартты.

Ержас Болтаев, жаттықтырушы:

- Нәтижесі жаман емес рывокта бірінші жаттығуымызда жұлқи көтеруде үш мүмкіндігінде қолданды, толығынан 170 келіні бағындырды. Енді екінші жаттығуымыз серпе көтеруде бір ғана мүмкіндігімізді қолдандық. Өйткені негізгі жарысымыз мен жаңа айтып өткендей, қыркүйек айында өтетін. Сондықтан жаңа бірақ қана мүмкіндігімізді қолдандық.

Осы турнирдің ең жас қатысушысы – Рахат Бекболаттың болашағы жарқын десті білетіндер. 14 жастағы ауыр атлет тәжірибелі спортшылармен үзеңгі қағыстырып, 105 келі салмақта ұлттық біріншіліктің қола жүлдегері атанды. Алты жасынан ауыр атлетиканы серік еткен Сыр елінің тумасы өзінің жеке рекортында жаңартты.

Рахат Бекболат, жастар арасындағы ұлттық біріншіліктің қола жүлдегері:

- Ауыр атлетиканы таңдағандағы мақсатым – болашақта Азия чемпионы болып, олимпиадалық жарыстарда Қазақстанның туын көтеріп желбірету. Сол ұту үшін көп жұмыс істеу керек. Бәріне оңай емес ол.

Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен спортшылар Қазақстан жастар құрамасына шақырту алды. Ал ересектер енді екі аптадан кейін Талдықорғанда өтетін турнирде бақ сынайды. Яғни Жетісу төрінде Ниджат Рахимов пен Илья Ильин бастаған мықтылар әлем чемпионатының жолдамасына таласады.

Авторлары: Жандос Айтбайұлы, Сержан Жұмабаев

Осы категория бойынша: « Қазақстан құрамасы минифутболдан Еуропа чемпионатының ширек финалына шықты «Ювентуста» 25 жыл ойнаған футболшы командамен қош айтысты »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы