374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада 500-ге жуық спорттық медаль көпшіліктің назарына ұсынылды

  • 146
  • UPD: 17:36, 18.08.2018
Астанада 500-ге жуық спорттық медаль көпшіліктің назарына ұсынылды

Астана әкімдігі жанындағы «Жігер» спорт клубы қала тұрғындары мен қонақтары үшін ерекше спорттық мереке өткізді.

Олар елорданың орталығындағы паркте 10 спорт түрі бойынша қойылымдар көрсетті. Шеберлік сабақтарын өткізді. Оның ішінде таэквондо, каратэ, қоян-қолтық ұрыс сияқты жекпе-жек түрлері бар. Сонымен қатар қол күресі, кір тасын көтеру және асық ату сияқты бұқаралық деңгейде кеңінен таралған ойындар да ұйымдастырылды. Сөйтіп бас-аяғы 150-ден аса кәсіпқой спортшы өз ептіліктерін көрсетті. Сондай-ақ қала түрғындары мен қонақтарына өз күшін сынап көруге де мүмкіндік берілді. Спорттық шараның тағы бір ерекшелігі, көпшіліктің назарына 500-ге тарта медаль қойылған. Бұл елордалық спортшылардың соңғы бір жылда республикалық, халықаралық және әлемдік деңгейде жеңіп алған жүлделері.

Қуаныш Сейтмағамбетов, Астана әкімдігі «Жігер» спорт клубы басшысының орынбасары:

- Медаль ілудегі мақсатымыз – «Жігер» спорт клубы спортшыларының еңбектерімен тапқан. 500-ге жуық. Қарапайым адамдар, ата-аналар өз қолдарымен ұстап көрсін, арман қойсын деген мақсатта барлық спортшылардың медальдарын бір жерге жинадық.

Осы категория бойынша: « Көшпенділер ойынына елімізден 200-ге жуық спортшы қатысады Азиада-2018: жеңімпаздарымыз 10 мың доллар сыйақы алады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы