369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Зарина Дияс АҚШ-тағы турнирдің финалына шықты

  • 294
  • UPD: 22:37, 19.08.2018
Зарина Дияс АҚШ-тағы турнирдің финалына шықты

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс АҚШ-тағы турнирдің квалификация финалына өтті.

WTA турнирінің негізгі кезеңіне бір қадам жақындау үшін Дияс Болгариядан келген спортшыны жеңген.

Турнир америкалық Нью-Хейвен қаласында өтті. Қазақстандық теннисші үш сеттен тұратын ойында (6:1, 3:6, 6:3) әлемнің 66-ракеткасы Вера Лапконы ұтты. Диястың өзі Әйелдер теннис қауымдастығы рейтингісінде 63-орында тұр.

Дияс енді турнирдің негізгі кезеңіне өту үшін Словения елінен келген Тамара Цидансекпен бақ сынасады. Кеше олардың кездесуі тоқтатылды, 6:3, 4:2 есебімен Цидансек алда келе жатыр. Ойын таяуда жалғасады.

Осыған дейін Дияс Юлия Путинцеваны жеңді (7:5, 6:1).

prosports.kz

Осы категория бойынша: « Азиада-2018: Еркін күрестен балуандарымыз медальмен қанжығасын майлады Балуан Әділет Дәулімбаев Азиадада қырғыз спортшысын жеңді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы