368,28 419.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Астана» – АПОЭЛ: сарапшылар бүгін кімнің жеңіске жетерін болжай алмай отыр

  • 156
  • UPD: 20:42, 23.08.2018
«Астана» – АПОЭЛ: сарапшылар бүгін кімнің жеңіске жетерін болжай алмай отыр sports.kz

Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жете алмаған «Астана» енді Еуропа лигасында өз бағын сынап көреді.

Елордалық команда плей-офф кезеңінде кипрлік АПОЭЛ-мен жолығатын болды және алғашқы кездесу бүгін сырт алаңда өтеді. Қос команда бұған дейін 4 рет кездесіпті. Оның екеуінде Астана, біреуінде АПОЭЛ жеңген. Тағы бір матч тең нәтижемен аяқталды. Ал УЕФА рейтінгісінде, керісінше, кипрлік клуб жоғары орналасқан. Яғни, сәйкесінше, 55 және 67-ші орындарда. Сондықтан футбол сарапшылары бүгін кімнің жеңіске жетерін тап басып болжай алмай отыр. Матч Астана уақытымен 23:00-де бастылады.

Айта кеткен жөн, елордалық клуб Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне дейін жетті. Бірақ Загреб қаласының «Динамосынан» жеңіліп, жарыс жолынан шығып қалды.

Осы категория бойынша: « Тьерри Анри «Бордо» футбол клубының бапкері болды Қазақстан құрамасы футзалдан әлем чемпионатында жартылай финалға жолдама алды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы