368,28 419.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Лондонда су астында шахматтан чемпионат өтті

  • 297
  • UPD: 08:57, 28.08.2018

Ұлыбритания астанасы Лондон қаласында суасты шахматынан біріншілік өтті.

Ойын ережесі сол қалпы қалған, тек өтетін орны ғана өзгерді. Тақта мен шахматтар бассейн түбіне магниттердің көмегімен бекітілген. Қарсыластар аквалангтың көмегінсіз, оттек толы баллонсыз кезек-кезек суға түсіп ойнайды. Ең қызығы, оларға шахматты орнынан қозғап жүргізбейінше, судан шығуға болмайды. Қатысушылардың айтуынша, ойын қызық болғанымен, оңайға соқпаған. Жарыс төрт кезеңнен тұрады, әрбір матчтың ұзақтығы – 30-40 минут. Биылғы сайыста Райко Вуятович есімді Ұлыбритания азаматы қарсыластарын артта қалдырды.

Райко Вуятович, жарыс жеңімпазы:

– Су астында өткізілген шахмат сайысында жеңімпаз атанғаныма өте қуаныштымын. Өте қызықты өтті. Барлығы бұл жерге көңіл көтеру үшін келді деп ойлаймын.

Осы категория бойынша: « Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы Азия ойындарының чемпионы атанды Мәскеуде дрондар жарысы ұйымдастырылды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы