364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Триатлоншы Аян Бейсенбаев Азия ойындарының күміс медалін жеңіп алды

  • 221
  • UPD: 09:10, 01.09.2018
Триатлоншы Аян Бейсенбаев Азия ойындарының күміс медалін жеңіп алды

Азия ойындарында триатлоннан ел намысын қорғаған Аян Бейсенбаев күміс жүлде иеленді, деп хабарлайды Olympic.kz

Қазақ жанкүйерлері спорттың бұл түрінен жүлде күтпегені рас. Бірақ дүбірлі додада намысқа тырысқан Аян Бейсенбаев Азиаданың күмісіне қол созды.

Ол жүзу, веложарыс және жүгіруді 1:50:38 уақыт көрсеткішінде аяқтады.

Аян Азия ойындарының чемпионы атанған жапондық Джампей Фуруядан 55 секундқа қалыс қалды. Үшінші орында – қытайлық Мингсю Ли.

Тағы бір қазақстандық спортшы Максим Крят 11-орынға тұрақтады. 

Осы категория бойынша: « Азиада-2018: Мерей Медетов пен Тимур Хайдаров үздік үштіктен көрінді Жетісуда ұлттық ат спорты түрлерінен Президент Кубогының иесі анықталды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы