369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Роналду «Ювентуске» жеңіс сыйлады

  • 262
Роналду «Ювентуске» жеңіс сыйлады prosports.kz

Италия чемпионатының 4-турында туриндік «Ювентус» өз алаңында «Сассуолодан» айласын асырды.

Бірінші таймда командалар гол соға алмаған еді. Есесіне үзілістен кейін жанкүйерлер үш гол көре алды.

50-минутта Криштиану Роналду есеп ашып, «Ювентус» сапындағы алғашқы голын соқты. Көп ұзамай португалиялық форвард қарсылас қақпасына екінші добын салды. Матч соңына таман Хоума Бабакар есеп айырмасын қысқартқанымен, Италия чемпиондары жеңіс есебін сақтап қалды.

Осы жеңістен соң төрт ойынның бәрін жеңген «Ювентус» 12 ұпаймен көш бастап келеді. Ал «Сассуолоның» еншісінде 7 ұпай бар.  

Ақпарат  көзі: prosports.kz

Осы категория бойынша: « «Барыс» «Ақ Барыстан» айласын асырды Ибрагимович өз мансабында бес жүзінші голын соқты »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы