366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жақиянов боксшыларды дайындайтын спорт мектебінің басшылығына тағайындалды

  • 176
Жақиянов боксшыларды дайындайтын спорт мектебінің басшылығына тағайындалды vesti.kz

Аса жеңіл салмақта WBA (Super) және IBO нұсқасы бойынша бұрынғы әлем чемпионы Жанат Жақиянов Петропавлдағы олимпиада резервін даярлайтын облыстық балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебінің директоры болып тағайындалды.

 Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ресми сайтында хабарланған.

Жақиянов мектеп ұжымына таныстырылды. Ал бұрынғы директор Нұрлан Әбдірахманов Петропавлдағы жаңа теннис кортының директоры болды.

34 жастағы Жақиянов карьерасын аяқтағаны туралы ақпанда мәлімдеген. Кәсіпқой боксқа 2007 жылы келген спортшы 29 жекпе-жек өткізіп, 27 кездесуде жеңімпаз атанды (нокаутпен 18) және екі рет жеңілді.

Ақпарат көзі: vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы