366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионаты өтетін ел анықталды

  • 457
Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионаты өтетін ел анықталды eurosport.ru

Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионаты өтетін елді анықтады.

Қарт құрлықтың басты додасы Германияда өтетін болды.

Жарыс өтетін ел Швейцарияның Ньон қаласындағы УЕФА атқарушы комитетінің кезекті отырысында белгілі болды. Дүбірлі доп додасын өткізуге Германия мен Түркия үмітті болған.

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионаты әдеттегідей бір елде өтеді. Тек тәжірибе ретінде қабылданған 2020 жылғы Еуродода ғана 12 елде ұйымдастырылады.

2024 жылғы Еуропа чемпионатын Германия 12 қалада өткізуді жоспарлаған. Берлин, Кёльн, Дортмундт, Дюссельдорф, Франкфурт, Гельзенкирхен, Гамбург, Лейпциг, Мюнхен және Штутгарт қалаларындағы стадиондарда ойындар болады.

Айта кетейік, Германияның футболдан ірі жарыстарда ұйымдастыруда мол тәжірибесі бар. Соңғы рет неміс жерінде 2006 жылы әлем чемпионаты өткен болатын.

Ақпарат көзі: vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы